Тіпті күйреп тынуы да ықтимал, бірақ енді біз оның қалай жұмыс істейтінін білген кезде криптовалютаны жетіктіріп, жетілдіру қиын емес. Иә, тап қазіргі жағдайында биткоин транзакция үшін онша қолайлы емес; оның көмегімен таяу маңдағы автоматтан кофеинсіз эспрессо сатып алу қиындау. Оның құбылмалық деңгейі тым жоғары. Әйтсе де бұл - біздің тарихымыздағы өздігінен қалыптасқан алғашқы ақша. Орталық банктердің баламасы ретіндегі биткоин туралы, криптовалютаның экономикалық қағидаттары мен оның қазіргі және болашақтағы рөлі туралы кітап.
Биткоин - компьютер дәуірінің жаналығы. Дегенмен оны жасаушылар басшылыққа алған идеал мындаған жылдар бойы адамзатты алаңдатып келеді: ол - тек иегері ғана бақылай алатын әрі инфляцияға ұшырай қоймайтын төлем қаражаты.
Кітапта жаңа технологияны, түйінін тарқата алатын экономикалық проблемаларды, сондай-ақ әрқилы тарихи кезендерде осындай проблемаларды шешу үшін пайдаланған әдістерді егжей-тегжейлі шолып шығады. Бәлкім, ол «биткоин - биткоин бос нәрсе немесе кезекті қаржы пирамидасы» деп есептейтіндердің көзқарасын өзгертетін шығар.
Шындығында, криптовалюта қор жинақтау мен сақтаудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрін жалғастырып, дамытады, ал цифрлық дәуірдің тұрақты төлем қаражаты ретіндегі оның әлеуеті тіпті қиық құлақ скептикті де қайран қалдыратыны сөзсіз.