Общественный Фонд "Altyn Qyran Foundation"

Отзывы

Дорогой пользователь!

Здесь вы можете оставить свой отзыв о работе Фонда.

После проверки менеджерами и уточнения деталей, ваш отзыв может быть опубликован на нашем сайте.

Если вы не хотите опубликования своего отзыва или вопроса, пожалуйста, укажите это, отметив соответствующее поле ниже.

Примечание: В данном разделе принимаются только отзыв о работе Фонда.

(максимум 1000 слов)

Согласны ли Вы опубликовать свой отзыв на нашем сайте?

Отзывы

Құрметті Исламбек Төлеубайұлы! Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан және өз атымнан «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорына, Сізге және қордың бас директоры Әлденей Әлібек Үсенұлына жемісті ынтымақтастығымыз және көрнекті мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты кездесу кешін жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен зор алғысымызды білдіреміз. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры халқымызға өзінің игі істерімен үлгі болып жүрген, соның ішінде ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына, әлеуметтік маңызды бастамаларға барынша қамқорлық танытып келе жатқан ұйым ретінде белгілі. Ү.ж. 13 қаңтарда еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың қатысуымен өткен Мұрат Әуезовтің мерейтойлық кеші - ұлт руханиятындағы, еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Сіздің демеушілік қолдау көрсетуіңізбен, қордың жұмыс тобы үлкен жауапкершілікпен және аса жоғары ұйымдастырушылықпен, үйлесімді жұмыс істеп, осы мерейтойлық кештің сәтті өтуіне, сондай-ақ құрметті қонақтарымыз үшін салтанатты дастарханның жайылуына ықпал етіп, үлес қосты. Мерейтойлық шараның бейнеролигін, суреттер альбомын әзірлеп, сыйға тартты. Сонымен қатар, біз осы мерейтойлық іс-шараның лайықты деңгейде өтуіне зор үлес қосқан қордың Жобалау және маркетинг департаментінің директоры Гүлбиғаш Омар Жеңісбекқызы мен менеджер Айғаным Жиентаеваға ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұл өзара ынтымақтастығымыздың болашақта да нығайып, жалғаса беретініне біз сенімдіміз. Сізге және «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қор ұжымына амандық, тұрақтылық және өркендеу тілейміз! Ізгі ниетпен, Бақытжамал Оспанова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы
С уважением , Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры
Уважаемый Исламбек Тулеубаевич! ОО «Казахская Ассоциация нейрохирургов» выражает искреннюю благодарность общественному фонду «Altyn Qyran Foundation» за поддержку медицины Казахстана и сотрудничество в проведении научных конференций в сфере нейрохирургии. С 1 по 3 июля 2022 года в г. Нур-Султан был на высоком уровне проведен Международный нейрохирургический форум и Кинофестиваль «Нейрохирургия: история, современность, личности», в котором приняли участие более 250 специалистов из Казахстана и 15 стран дальнего и ближнего зарубежья. Во время мероприятия были заслушаны доклады ведущих нейрохирургов Америки, Японии, стран Европы и СНГ по самым актуальным темам нейрохирургии, а также продемонстрированы документальные фильмы об их нейрохирургической службе и выдающихся личностях. Выражаем надежду на продолжение взаимного сотрудничества. От всей души желаем Вам и Вашей команде благополучия, успехов и процветания!
С уважением , Серик Акшулаков, Президент ОО «Казахская ассоциация нейрохирургов»
Уважаемый Исламбек Тулеубаевич! От лица Фонда «IQanat» выражаю огромную благодарность за многолетнюю поддержку Вам и Фонду «Altyn Qyran Foundation». Вы стояли у истоков создания олимпиады и Ваше имя значится в списке первых основателей Фонда. Благодаря Вашей поддержке стали возможными многочисленные образовательные программы «IQanat» и достижение высоких результатов сельскими школьниками. Меценатство и поддержка малой родины в жизни нашей страны является традицией. Всем, кто живет в Казахстане, наверняка доводилось слышать слово – «асар». Древний казахский обычай «асар» в переводе на русский язык означает «всем миром». Главная цель этой традиции – помощь другому. Вы дарите не просто материальные ценности, Вы открываете для учеников из сел новые возможности, горизонты, меняете их будущее, а значит, и будущее страны. Желаю Вам и Вашему Фонду «Altyn Qyran Foundation» реализации самых добрых проектов, благополучия и процветания!
С уважением , Камила Башарова, исполнительный директор ОФ «IQanat»
«Altyn Qyran Foundation»-ге Алғыс айтамыз!
 
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының (одан әрі – ХҚТҚ) Алматыдан Астанамызға қоныс аударғанына да 8 ай болыпты. Әдетте бір жерден екінші жерге қоныс аударудың машаhаты қандай болса, біздің  Қазақ тілі қоғамы да сондай күй кешуде...Шүкір, көбі кетіп азы қалды деген үміттеміз. Осы орайда қазақтың «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген нақылы еске түсіп, ұйымға ең алғаш болып қолдау көрсеткен «Altyn Qyran Foundation» екенін және қолдаған жобаның маңыздылығын көпшілікпен бөлісуді жөн көрдік. Үстіміздегі жылдың ақпан айында ХҚТҚ ның IT маманы Мұрат Кәрібай жазып ұсынған «Spotify» жобасын «Altyn Qyran Foundation» басшылығы қаржылай қолдап, ұжымымызға үлкен шабыт сыйлады. 
Жоба туралы тарқатып айтатын болсақ Spotify — музыканы онлайн тыңдауға мүмкіндік беретін стриминг платформа. Spotify-дағы әндерді тегін тыңдауға болады. Сервистің ән жинағында 50 млн ән мен 4 миллиардқа жуық әнтізім бар. Платформаны әлем бойынша 286 млн адам қолданады.
2020 жылы Spotify ТМД елдерінің нарығына кіріп, қазақстандықтар үшін де қолжетімді бола бастады. Қолданбада ТМД елдеріндегі орыс, украин, әзербайжан тілі және Прибалт елдерінің үш тілі де (эстон, латыш, литва) қолжетімді.
Spotify қолданбасын қолданатын қазақстандық тыңдарман саны артып келе жатқандықтан, оның қазақша нұсқасына тұрақты қолдау жасау өте маңызды. Сонымен қатар қазақшаға аударылған музыкалық платформалардың ішінде тек Яндекс Музыка ғана бар. Енді Spotify қазақшаға аударылған екінші қолданба болмақ. Бұл қазақша қолданбалар санын арттырып, қазақ тілінің жаһандық техника тілдерінің қатарына қосылуын жеделдетеді. Бір сөзбен айтқанда замана сұранысына сай сәнді жобаны  ХҚТҚ мен «Алтын қыран» ұжымы дер кезінде дайындап шықты.
Ел ертеңі жолындағы талай бастамалардың қолдаушысы болып, басы-қасында жүрген «Altyn Qyran Foundation» басшысы Исламбек Салжанов ағамызға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұжымы атынан үлкен Алғыс айтамыз! Деніңізге саулық, ұжымыңызға бірлік, кәсібіңізге толағай табыстар тілейміз!
Жалпы 8 ай ішінде «Алтын қыранның» қаржылай қолдауымен ХҚТҚ «Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабын жарыққа шығарды, Елордамызда «Қазақ тілі мен мәдениеті» тақырыбында форум өткізді.  

P.S.  
Ендігі мәселе – жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін бір нәрсе ғана жетіспейді - Spotify AB компаниясына хат жазып, ресми аударма лицензиясын алу. Spotify AB компаниясына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі немесе басқа да мүдделі үкіметтік/үкіметтік емес мекемелер хат жазуы тиіс. Жобаның өзектілігін әлеуметтік желіде мемлекеттік тіл – қазақ тілінде ең қызықты контент ұсысып отырған, оқырманының шынайылығы жағынан көш бастап тұрған «QazaqshaJaz» ұйымы мен оқырмандары растап отыр.

Ізгі ниетпен, 
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 
атқарушы директоры Лариса Алдаберген
С уважением , Лариса Алдаберген, «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры