Қоғамдық ұйым ретінде біз күнделікті жұмысымызда адам, оның әлеуеті мен мұқтаждықтарына қызмет етуді қағидаттарын ұстанамыз. Сондықтан, біздің барлық шешімдерімізде, әрекеттеріміз бен жобаларымызда біз адамның әлеуетін ашуды көздейміз. Ал біздің құндылықтарымыз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуға себепші болады.
Біз өз жобаларымыз аясында барлығына тең мүмкіндіктер жасау қағидатын ұстанамыз.
Біз серіктестік, өзара іс-қимыл және өзара көмек мәдениетін ілгерілету арқылы әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосамыз.
Біз әртүрлі салалардағы жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз және де қоғам игілігі аясында ортақ мақсаттарға жету үшін басқа ұйымдармен әріптестікке дайынбыз.
Біз өзара жауапкершілік қағидатын ұстана отырып, нақты нәтижеге қол жеткізуге ұмтыламыз.
Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз ашық және жария түрде жүзеге асырылады.