Алаштың Ақсұнқары атанған адуын ақынның дара дарының паш еткен, шағын да болса аса шоқтықты бұл шығарма - сонау XX ғасырдың 70-жылдарының соңғы шенінде жазылған, алайда тек 80-жылдарының орта кезінде ғана әупіріммен жалғанның жарығына шыққан тағдырлы жырдың автор тарапынан тезге түсіп, сүзгіден өткен тың нұсқасы.
Адамзат тарихындағы ең қанды да қаралы XX ғасырға XXI ғасырдың биігінен көз салған шалқар шабытты шайыр тұтас бір дәуірдің барша бітімөболмысы мен сырөсипатын осынау жалғыз ғана жауһар жырға қапысыз сыйғыза алған.