Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Думан Анаштың қолынызға тиіп отырған тұңғыш кітабында ұлтымыздың XX ғасырдың алғашқы ширегінде бастан өткерген қилы ауыртпалықтары сөз болады. Әсіресе, ұлы хакім Абай мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының ұрпақтарының тағдыры бейжай қалдырмайды. Іргелі әулеттің қасіреті арқылы ұлттың басынан кешірген зобалаңы белгілі ғалымдардың, жазушылардың келтірген деректері мен дәйектері негізінде баяндалады. Сонымен бірге ұлы нәубет - ашаршылық зардаптары тоталитарлық кезеңнін бұрын-соңды болмаған қылмысын әшкерелейді.
Публицистикалық жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.