Құлтөлеу Мұқаштың кезекті жинағына әр жылдарда жазылған әңгімелері топтастырылып отыр. Кітапта ауыл мен қала тірлігінің қалтарыс-қырлары қатар өріліп, түрлі тағдыр иелерінің қым-қуыт өмірлері шебер суреттеледі. Боз жауынның сыбдырындай жүрекке жылы тиетін шығармалардың қай-қайсы да замандастар туралы көл-көсір сыр ақтарып, оқушысын ізгілікке, мөлдіреген тазалыққа үндейді.
Талғампаз оқырман автордың айрықша қолтаңбасын аңдайтыны анық.