"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Ақтөбеде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қайырымдылық кеші

Ақтөбеде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қайырымдылық кеші

«Алтын Қыран» қорының қолдауымен Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мерекелік дастархан жайылды.

Шараға аз қамтылған отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйінің тұрғындары мен мүгедектер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Мерекеге арнайы келген қонақтар үшін концерттік бағдарлама әзірленіп, жиналғандар алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі.