"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Талғат Бигелдиновке арналған «Қыран текті» деректі фильмінің кинотеатрларда прокатқа шығуы

Талғат Бигелдиновке арналған «Қыран текті» деректі фильмінің кинотеатрларда прокатқа шығуы

Қордың қолдауымен еліміздің кинотеатрларында Талғат Бигелдиновке арналған «Қыран текті» деректі фильмі көрсетілді. Фильмнің сценарийін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лаврентий Сон, қоюшы режиссері Ерген Тоқмурзин, жас Талғат рөлін жаңадан келген актер Әзімхан Ахмет сомдады.

Фильм аты аңызға айналған шабуылшы ұшқыштың 1966 жылы жазған «Шілтер шабуылдауда» естеліктеріне негізделген. Фильм авторлары компьютерлік графика жасаудың соңғы әдістерін қолдана отырып, «Қазақ сұңқарының» әуе шайқастарын жаңғыртты. Сонымен қатар Талғат Бигелдинов пен оның атқышының жау қоршауынан шыққан шайқасын сахналық түсірілім арқылы қайта қалпына келтірді.