"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Ақтөбе облысы бойынша 20 үздік ауыл кәсіпкеріне гранттар табыстау

Ақтөбе облысы бойынша 20 үздік ауыл кәсіпкеріне гранттар табыстау

«Aktobe startup» байқауына қатысушылар өз жобаларын мал шаруашылығы, нан пісіру, жиһаз өндірісі, жартылай фабрикат цехтары және т.б бағыттар бойынша ұсынды.

2013 жылы дәл осындай жобаға 15 миллион теңге бөлінсе, 2014 жылы - екі есеге көп. Қаражаттың жартысын Ақтөбе облысының әкімдігі бөлсе, екінші бөлігін халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры бөлді.

«Aktobe startup» байқауының нәтижесінде жиырма ауылдық жоба мақұлданды. Жеңімпаздарға 350 мыңнан 3 миллион теңгеге дейінгі гранттар берілді. Екі жылдан кейін кәсіпкерлер қаражатты пайызсыз қайтаруға міндеттенеді.