Қордың қолдауымен 7 жас таланттың туындылары жарық көрді. Авторларының қатарында Бейбіт Сарыбай («Мейірім» әңгімелер жинағы) және Азамат Тасқара («Жусан қыз» жыр жинағы), сондай-ақ жас, талантты ақын Жанар Әбсадық («Сезімдер маусымы» жыр жинағы және Қуаныш Медеубаев («Қара жәшік» өлеңдер жинағы) сынды сөз шеберлері бар.
Алғаш рет жас ақын Әлия Дәулетбаеваның «Сол бір сәуле» атты жыр жинағы, белгілі журналист Думан Анаштың «Әулет» публицистикалық жинағы мен дарынды суретші Ғалым Смағұлдың «Карикатура» бірегей альбомы жарық көрді, сондай-ақ көрермендердің де қызығушылығын тудырды.