"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

«Сара саңлақ» кітабын басып шығару

«Сара саңлақ» кітабын басып шығару

Қордың қолдауымен ұлттық өнердің көрнекті қайраткерлерінің бірі, мәдениет пен поэзияда орасан із, мол мұра қалдырған Сара Тастанбекқызының өнегесіне арналған кітап жарық көрді. Жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сонымен қатар Сара Тастанбекқызының шығармашылығы мен өміріне арналған ақындардың мақалалары, естеліктері, өлеңдері енген.

Мұқабада белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Камил Муллашевтың «Ақын Сара» портреті бар.