Инновациялық технологиялар туралы әлемдік бестселлер кітаптарды енді оқырман қазақ тілінде оқи алады. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорынының негізін қалаушы Исламбек Салжанов 8 мың кітапты қалалық және аудандық кітапханаларға сыйға тартты.
«Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дәуірі» және «Шындық машиналары» деп аталатын 4 әлемдік кітаптан тың дүниені меңгеруге болады. Әсіресе, жастар жастанып оқыса, осы салаларға серпіліс әкелері анық.
Исламбек САЛЖАНОВ, «ALTYN QYRAN» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тәуелсіздік арқасында елімізде 75 пайыз қазақтың ұл-қыздары қазақ тілінде оқып жатыр. Әрине ол қуантатын жағдай. Үздік әлемдік кітапты біз қазақ тіліне аударып, 3 қала бар, Астана, Алматы, Шымкент, 18 облыс, 168 аудандық кітапхана бар екен. Біздің мақсатымыз сол барлық көпшілікке, ауыл балаларына жеткізу.
Мақаланың түпнұсқасы: https://astanatv.kz/kz/news/99453/